Перизат Қайрат пен анасына сот үкімі шығатыны белгілі болды

Редактор
25.07.2025, 17:45
Перизат Қайрат пен анасына сот үкімі шығатыны белгілі болды
Бүгін, сағат 15:00-де Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі шығады.

Бүгін, сағат 15:00-де Перизат Қайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваға сот үкімі шығады.

Бұл туралы bairaqmedia.kz Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотына сілтеме жасап хабарлайды.

Қылмыстық іске сәйкес, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша айып тағылған:

  • 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – «Аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық»;
  • 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы – «Алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)»;
  • 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағы – «Аса ірі мөлшерде жасалған қылмыстық жолмен алынған ақша мен басқа мүлікті заңдастыру (жылыстату)».

«Айыптау актісіне келіспеймін, келтірілген уәждерді негізсіз деп санаймын. Тергеушілердің қиялы үшін мен жауапты емеспін. Бұл негізсіз айыптауды мойындамаймын. Сот бүгін басталды, алда барлық фактіні көрсетіп, өзімді қорғаймын», – деді Перизат Қайрат.