Ұлытау облысында жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру және табиғатқа жауапкершілігін арттыру мақсатында «Қоршаған ортаға қамқорлық – ортақ парыз» тақырыбында экосағаттар ұйымдастырылды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Іс-шара колледждерде өтіп, оған студенттер белсенді қатысты. Экосағат барысында қатысушылар қоршаған ортаны қорғау, табиғатты сақтау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша маңызды ақпарат алды. Сонымен қатар жастар өз ой-пікірлерін білдіріп, зияткерлік тапсырмалар мен пікірталастарға қатысты.

Шара аясында «Қоқысты азайту, сұрыптау және қайта өңдеу» тақырыбында волонтерлармен кездесу өтті. Кездесуде студенттерге тұрмыстық қалдықтарды тиімді басқару жолдары түсіндіріліп, сұрыптау мәдениетін қалыптастырудың маңызы айтылды. Волонтерлар өз тәжірибелерімен бөлісіп, экологиялық қозғалыстарға қатысудың артықшылықтарын жеткізді.

Сондай-ақ жастарға табиғи ресурстарды үнемдеу, қоршаған ортаны ластамау, пластик қалдықтарды азайту және қайта өңдеудің маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өңір тазалығын сақтауға белсенді үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.

Іс-шара аясында әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» атты экологиялық акция ұйымдастырылып, #ТазаҚазақстан хэштегімен материалдар жарияланды. Акцияға жастар, эко-белсенділер мен блогерлер қатысты.Мамандардың айтуынша, мұндай бастамалар жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың азаматтық белсенділігін күшейтіп, туған жерге деген жауапкершілігін қалыптастырады. Айта кетейік, тазалық әр адамның жеке жауапкершілігінен басталады.