$ 446.56
 512.34
 5.3

«Өз үйімнен қуып, опасыздық жасады»: Жанель Мақажан күйеуіне қатысты пікір білдірді

Редактор
22.09.2026, 10:02
әлеуметтік желіден
әлеуметтік желіден
Актриса Жанель Мақажан отбасындағы қиындықтарын ашық айтты

Танымал актриса Жанель Мақажан әлеуметтік желіде отбасылық өмірінде бастан өткерген қиындықтары туралы жазып, бұрынғы жарына қатысты ренішін білдірді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Өнер иесінің айтуынша, күйеуі отбасын қорғаудың орнына туыстарының, анасының және айналасындағы адамдардың сөзіне еріп, ажырасуды таңдаған. Актриса бұрынғы жарының көпшілік алдында үлгілі әке әрі күйеу бейнесінде жүргеніне де қынжылды.

«Күйеуің сені, бала-шағаңды өз туыстарына талатып отырса, өз отбасын шын мәнінде қорғамаса, шешесінің, жанындағы психологтарының, достарының айтқанына еріп, саған талағын беріп, отбасын тастап кетсе… Бірақ ел алдында керемет әке, жардың бейнесінде жүрсе – қиын екен. Денсаулығыңның қалай нашарлап бара жатқанын да байқамай қалады екенсің», – деді актриса.

Жанель Мақажан енесімен арадағы қарым-қатынас та оңай болмағанын жеткізді. Оның сөзінше, күйеуі анасымен бірігіп, өзін өз үйінен қуған. Актриса отбасын сақтап қалу үшін бар күшін салғанын, алайда сенімінің ақталмағанын айтты.

«Біз, әйелдер, сенеміз ғой, барымызды береміз: энергиямызды, ақшамызды, мотивациямызды. Екі дүниенің бақытын бірге көреміз деп барыңды саласың. Сол жерде ақымақ болғаныңды түсінесің. "Бәрі керемет болады" деген аңғал үмітпен жүресің. Одан қалды сені алдап, опасыздық жасаса, сатқындық жаныңды қатты ауыртады екен», – деп жазды ол.

Өнер иесінің пікірінше, отбасын сақтап қалу үшін ерлі-зайыптылардың екеуі де бірдей күш салуы қажет. Ал бір тарап туыстарының сөзін таңдап, отбасынан бас тартса, некені сақтап қалу қиын.

«Ерлі-зайыпты қол ұстасып, бәрін бірге жеңуге дайын болса, отбасын сақтап қалуға болады. Ал ерің отбасын емес, өз туыстарының айтқанын таңдап кетсе, одан не қайыр? Бұл – басы ғана. Бәрін айтсам, есеңгіреп, өмірде ешкімге сенбей кетесіздер», – деді Жанель Мақажан.

Актриса алдағы уақытта отбасылық өміріне қатысты өзге де жайттарды жариялауы мүмкін екенін меңзеді. Әзірге оның бұрынғы жұбайының бұл мәлімдемелерге қатысты пікірі белгісіз.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау