«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: маңғыстаулық спортшылар әкімдікке шүйлікті

Редактор
30 янв. 2025 г., 20:00
«Өз ақшамызға барып, чемпион атандық»: маңғыстаулық спортшылар әкімдікке шүйлікті

20-23 қаңтар күндері Алматы қаласында өткен джиу-джитсудан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты өткені белгілі. Жарысқа Маңғыстау облысынан он тоғыз джитсер қатысып, 6 алтын, 2 күміс пен 1 қола медаль ұтқан. Алайда бұл жарысқа спортшылар өз қаражатымен барған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Маңғыстау облысының джиу-джитсудан жастар арасындағы аға жаттықтырушысы Жәнібек Әбу-Бәкір өз қалтасынан 3 млн теңге шығарып, 19 спортшыны жарысқа апарғанын айтады

«Келесі айда Тайландта өтетін Азия чемпионатына Маңғыстаулық джитсерлер кімнің ақшасымен барады? Әлде, аға бапкер Жәнібек Әбу-Бәкір тағы да кредит алып, Азия чемпионытына шәкірттерін апара ма? Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, мемлекет бөлген қаржыны нәтиже көрсетіп жүрген спортшыларға неге бермейсіздер?», - деп жазған спортшылар.

Керек болса, жүлдемен оралған спортшыларды әкімшілік пен спорт басқармасы тарапынан ешкім де күтіп алмаған. Спортшылар Маңғыстауға оралғанда оларды сый-сияпатпен тек ата-аналары күтіп алған.