«Отбасындағы жалғыз ұл»: жоғалған тікұшақтағы экипаж мүшелері туралы туыстары айтты

Редактор
28.07.2025, 15:34
«Отбасындағы жалғыз ұл»: жоғалған тікұшақтағы экипаж мүшелері туралы туыстары айтты
Алматы облысында жоғалған тікұшақ пен бортта болған экипаж мүшелері әлі табылған жоқ. Олар туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне туыстары айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алматы облысында жоғалған тікұшақ пен бортта болған экипаж мүшелері әлі табылған жоқ. Олар туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне туыстары айтты, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Бортта болған экипаж мүшелерінің бірі - Бахтияр Ержігітовтың 15 жылдық тәжірибесі бар маман. Павлодар облысының тумасы.
 
"11 сыныпты бітіре салып, Ақтөбедегі әскери оқу орнына түскен. Жасы 32-де. Оқу бітіргелі өз мамандығымен еңбек етіп келеді. Оқуды борт механик-инженер мамандығымен бітірген", - дейді қарындасы Аймереке Бегімова.
Бахтияр Ержігітов отбасындағы жалғыз ұл. Үйленген, бір ұл, бір қызы бар. Ұлы 4, қызы 2 жаста. Ата-анасы мен әйелі Бахтиярдың жолын тосып, күндіз-түні ұйқыдан қалған.
 
Бахтияр Ержігітов пен бірге тікұшақта болғандар - Аман Амангелді, Нұржігіт Үйсінбаев.
 
Айта кетейік, үш әскери қызметкер Жетігендегі әскери мекемеде еңбек еткен. Жоғалған әскери қызметкерлердің туыстары президенттен жоғалғандарды табуға көмек беруін сұрады.