«Отанымды жемей, киноға барыңдар»: Құралай ханым Мөлдір Мұқанға қолдау білдіремін деп, сынға қалды

Редактор
25 нояб. 2025 г., 14:23
«Отанымды жемей, киноға барыңдар»: Құралай ханым Мөлдір Мұқанға қолдау білдіремін деп, сынға қалды

Белгілі коуч-психолог Құралай ханым продюсер Мөлдір Мұқанның жаңа фильміне қолдау білдіремін деп, желі қолданушыларының сынына қалды. Желі пайдаланушылары оның аса қатқыл жазылған жарнамасына наразы болды.

Құралай ханым кинодан шыққан соң өз парақшасында пікір қалдырған.

«Мөлдірдің киносынан шықтым... Қай қазақ болса да тыпырлап, шамасы жеткенше еңбектеніп жатқанын көру – маған мақтаныш. Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3 мың теңгеге зарламай, барып қолдаңдар, Мөлдірді», – деп жазған ол.

1,5 млн оқырманы бар инфлюенсердің бұл сөзі әлеуметтік желіде тез таралып, көпшілік түрлі пікір қалдырды.