$ 457.21
 534.62
 6.08

Өскеменде сауда үйі өртенді

Редактор
19.05.2025, 16:44
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот
30 адам эвакуацияланды

Өскеменде сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

ТЖМ ақпаратына сәйкес, Абай көшесі бойында орналасқан сауда үйлерінің бірінде екінші қабатында орналасқан киім-кешек бутикі өртенген.

Оқиға орнына барған өрт сөндіру бөлімшелері өртті одан әрі басқа үй-жайларға таратылуына жол бермей, бірнеше минут ішінде жойды.

Құтқарушылар ғимараттан 30 адамды эвакуациялады. Зардап шеккендер жоқ.