ОСК төрағасы орынбасарының атынан жалған ақпарат таратылып жатыр

Редактор
24 февр. 2025 г., 21:15
ОСК төрағасы орынбасарының атынан жалған ақпарат таратылып жатыр
Алаяқтар оның әлеуметтік желісін бұзған

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның атынан алаяқтар ақша сұрап, жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл туралы ОСК баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

WhatsApp мессенджерінде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары М.Т.Ерманның атынан хабарлама тарауда. Бұл ақпарат шындыққа сай келмейді және интернет-алаяқтармен таратылуда. Жалған ақпаратқа сенбеулеріңізді, мұндай хабарламаларға жауап бермеуіңізді және ақша аудармауыңызды сұраймыз, – делінген хабарламада.