$ 457.21
 534.62
 6.08

Оқушылардың жаппай улануы: Мектеп асханаларын бақылау тәсілдері өзгереді

Редактор
27.04.2025, 16:19
Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Фото: ДСМ баспасөз қызметі
Маңғыстауда 72 білім беру мекемесі тексеріледі

Маңғыстау облысындағы оқушылардың жаппай улану жағдайынан кейін Денсаулық сақтау министрлігі білім беру ұйымдарын бақылаудың жаңа тәсілдерін әзірледі, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

🔹 Бұдан былай балалар болатын мекемелерге ерекше мәртебе беріледі.
🔹 Тексеру алдында алдын ала ескерту болмайды.
🔹 Санитариялық талаптарға сәйкестігін анықтау үшін мониторингтік сапарлар жүргізіледі.

Қазір өңірде 72 білім беру мекемесі тексерілуге белгіленген, оның 14-інде тексеру басталды.

Ведомствоаралық жұмыс тобы құрылып, оған Денсаулық сақтау, Оқу-ағарту министрліктері мен Бас прокуратура өкілдері кірді.