Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекет басшысының қауіпті өндіріске тартылған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа тәсілдер және еңбек қауіпсіздігі саласындағы атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
2030 жылға дейінгі қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясында нысандарды цифрландыруды ескере отырып, нормативтік-құқықтық актілер қайта қаралады. Өнеркәсіп қауіпсіздігін, ғылымды дамытуды және тиісті орталықтар құруды қамтамасыз ететін нысандарға қойылатын, сондай-ақ мемлекеттік еңбек инспекторының кадрлық әлеуеті мен құқықтық мәртебесін арттыру жөніндегі талаптар күшейтіледі.
Премьер-министр өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы бақылау тетігіне ерекше назар аударды. Төтенше жағдайлар министрлігі ӨҚМ және ЕХӘҚМ-мен бірлесіп, тексеру қорытындысы бойынша өнеркәсіптік нысандар меншік иелері мен басшыларының қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша жауапкершілігін күшейту жөнінде ұсыныстар енгізу тапсырылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар министрліктерімен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігі шараларын уақтылы қаржыландыру үшін жер қойнауын пайдаланушылардың тау-кен жұмыстарын талдау жүргізіп, бақылауға алуы қажет. Өнеркәсіп және құрылыс, Төтенше жағдайлар министрліктері газдар шығарындыларымен байланысты тәуекелдерді азайту үшін шахталарды алдын ала газсыздандыру нормативтерін әзірлеуі қажет, – делінген Үкімет хабарламасында.
ЦДИАӨМ отандық IT-мамандармен бірлесіп, өнеркәсіп қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жаңа шешімдер әзірлеу тапсырылды.