«Өлтіру мақсатым болған жоқ»: Шерзат ісі бойынша айыпталушы пышақ сұққанын мойындады

Редактор
21.05.2025, 16:50
«Өлтіру мақсатым болған жоқ»: Шерзат ісі бойынша айыпталушы пышақ сұққанын мойындады
Сотталушы жауаптарын өзара келіскенін айтты

Бүгін Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында кісі қолынан қаза тапқан Шерзат Полаттың ісіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Сотталушының айтуынша, Қонаев қаласына этаппен жөнелту алдында айып тағылып отырғандар беретін жауаптарын өзара келіскен.

Қонаевқа этаппен кетер кезде Равиль Сакиев, Белғожаев және Азамат Тоқтаубаев үшеуміз алдын ала келісімге келдік. Сакиев «мұны бір адам мойнына алсын, әйтпесе бәрімізге қиын болады» деді. Сол сәтте мен пышақ қолданған адам ретінде қылмысты жасырып жүргендей болмау үшін іштей ойланып, Шерзаттың өлімін мойныма алдым, — деді Абзал.

Оның айтуынша, бастапқы келісім бойынша, Нұрқанаттың жамбасынан табылған пышақты Шыңғыс өз мойнына алады деп келіскен.

Сондай-ақ, Абзал Шынасыл ашу үстінде Нұрғанат Ғайыпбаевқа пышақ сұққанын мойындады.

Мылтық атқаннан кейін ашу, ызаға түсіп кеттім. Мойындаймын, ашуланып тыққанымды. Өлтіру мақсатында тыққан жоқпын. Құйымшақ жанды жер емес екенін білемін. Әдейі, пышақтың ұшымен 3 рет тығып алған болатынмын, – деді айыпталушы. 

Айта кетсек, қылмыстық іс бойынша айып тағылған 9 адам бар.