$ 470.8
 545.99
 6.6

Оқушылар идеясы тоғысқан алаң: Астанада жобалар фестивалі ұйымдастырылды

Редактор
15.05.2026, 20:52
Фото: «Алтын орда» мектебі
Фото: «Алтын орда» мектебі
Астанада жас өнертапқыштар мен креаторлар бас қосты. 

2026 жылғы 15 мамырда Астана қаласында Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында білім ұйымының директоры Назиля Тұрмаханбетованың басшылығымен «Алтын орда» мектебі оқушыларының жобалар фестивалі өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Ол оқушылардың ғылыми, техникалық және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды білім беру іс-шарасы болды.

Фестиваль талантты оқушыларды, педагогтерді, ата-аналар мен қонақтарды біріктіріп, ғылым, ақпараттық технологиялар және креативті индустриялар бағытындағы үздік оқушылар жобаларын таныстыру алаңына айналды.

Ашық диалог, идея алмасу және шабыт ортасына айналған іс-шара қатысушыларға оқушылардың жетістіктерімен және олардың болашақ даму мүмкіндіктерімен танысуға жол ашты.