Мәжілістің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Бұл туралы мәлімет Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болды.
Іздестіру ісі 3 наурызда Астана өңірінде тіркелген.

Айта кетсек, Арғын Нығматулин 69 жаста. Ол 1955 жылы 28 маусымда Қарағандыда дүниеге келген. Әр жылдары Қарағанды көмір бассейніндегі шахталарда басшылық қызметтер атқарған. Ленин және Совет аудандары әкімінің аппаратының жетекшісі, Қарағанды облысы бойынша «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК директоры, «Сарыарқа» хоккей клубының директоры болған.
Сонымен қатар, ол облыстық мәслихат депутаты болған. Әртүрлі ордендермен марапатталған.