«Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды»: ҰҚК ақпарды растады

Редактор
28 нояб. 2025 г., 14:49
«Назарбаевтың қайын ағасы ұсталды»: ҰҚК ақпарды растады

Бұған дейін БАҚ-та Есполовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған еді. 

“Аталған дерек бойынша ҰҚК сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлаймыз. Өзге ақпарат қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес жарияланбайды”, – делінген ҰҚК мәлімдемесінде.

Ашық дереккөздерге сүйенсек, Айдос Есполов – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші әйелі Әсел Құрманбаеваның бауыры. Ол “Астана ЭКСПО-2017” компаниясы басшысының бұрынғы кеңесші болған және Еуразиялық технологиялық университеті пен Alatau Asset Management Company компанияларының құрылтайшыларының бірі.

БАҚ-та тараған ақпаратта Есполовтың Астанадағы ЭКСПО-2017-ге дайындық барысында жасалған ұрлықтар мен парақорлыққа қатысты іс бойынша ұсталып, 2,2 миллиард теңге жымқырды деген кұдікке ілінгені айтылған.