Мұрат Нұртілеу өзін ұстады деген қауесетке жауап берді

Редактор
08.09.2025, 16:23
Мұрат Нұртілеу өзін ұстады деген қауесетке жауап берді
ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үкіметтің кулуарында өзін ұстады деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Үкіметтің кулуарында өзін ұстады деген қауесетке қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Мұны түсіндіріп жатудың өзі артық. Сіздер менің жұмыс жиналыстарына қатысқанымды көрдіңіздер. Басқа елдердегі әріптестеріммен телефон арқылы сөйлескенімді де білесіздер. Инвесторлармен жұмыс кездесулері өтті. Бәрі әдеттегідей, – деді Нұртілеу.

Ал таратылған ақпаратқа байланысты сотқа шағымдана ма деген сұраққа былай деп жауап берді.

Біз құқықтық мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Қазақстан – зайырлы мемлекет. Арнайы уәкілетті органдар бар. Егер қажет болса, солар айналысады, - деді ол.

Еске салайық, бұған дейін Мұрат Нұртілеудің ұсталғаны жайлы ақпарат тараған еді.