Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті

Редактор
6 нояб. 2025 г., 15:18
Мұхтар Шахановтың ұлы дүниеден өтті

Белгілі жазушы, ақын Мұхтар Шахановтың ұлы – Қуаныш Мұхтарұлы өмірден өтті, деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Қаралы хабарды жазушы Құдияр Біләл Facebook-тегі парақшасында жариялады.

«Суыт хабар! Мұхтар Шаханов ағамыздың ұлы Қуаныш Мұхтарұлы ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін дүниеден озды. Иманы саламат болсын!» – деп жазды ол.

Халықтың сүйікті ақынының отбасына түскен бұл ауыр қайғы барша қазақтың қабырғасын қайыстырды.

Жаны жәннатта, рухы шат болсын. Алла туған-туыстарына сабыр берсін.