Мемлекет және қоғам қайраткері, бұрынғы Парламент Сенатының экс-депутаты әрі Сенат төрағасының орынбасары болған Мұхамбет Көпеев «Адырна» ұлттық порталына берген сұхбатында Қасым-Жомарт Тоқаевпен бірге қызмет атқарған жылдарын еске алды, деп хабарлайды Вairaqmedia.kz.
Оның айтуынша, Қасым-Жомарт Тоқаев – энциклопедиялық білімі бар, жан-жақты әрі көп қырлы тұлға. Көпеев Президенттің шешім қабылдау тәсіліне де ерекше назар аударған.
«Бұл – ерекше тұлға. Жеке менің ойым. Өте энциклопедиялық білімді тұлға, көп қырлы, сонымен қатар қарапайым. Өзі биік тұлға. Бұл кісінің білімділігі мен біліктілігі – жеке энциклопедияға жетерлік. Шешім қабылдау үшін ол жан-жақты ойланады. Сосын ол біржылдыққа емес, көпжылдыққа шешім қабылдайды. Біз көп сөйлесетінбіз. Қасым-Жомарт Кемелұлы қызметке қатысты ойларын, пікірлерін ашық жеткізетін», – деді Мұхамбет Көпеев.
Мұхамбет Көпеев Қасым-Жомарт Тоқаевтың есте сақтау қабілетіне де ерекше таңғалғанын атап өтті.
«Оның тағы бір ерекшелігі – есте сақтау қабілетінің өте жоғары болғаны. Архивтегі құжаттардың қайсысы қандай екенін, олардың қашан жазылғанын жақсы білетін. Сол кезде оның жадына ерекше таңғалғаным есімде», – деді ол.