Мүфтият 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған «наиб имам» туралы мәлімдеме жасады

Редактор
23 янв. 2025 г., 17:19
Мүфтият 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдаған «наиб имам» туралы мәлімдеме жасады

Ырыскелді Мейіржан есімді наиб имам 180 адамды қажылыққа апарамын деп алдап кеткені жайлы ақпарат тараған еді. Діни басқарма осы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. 

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы оның наиб имам екенін жоққа шығарды.

Ырыскелді Мейіржан Бауырұлы еліміздің бірнеше аймағынан жүзден аса азаматты умраға алып барамын деп ақша жинап, уәдесін орындай алмаған. Мейіржан Бауырұлы ешқандай діни қызмет атқармаған және мешітте наиб имам болып жұмыс істемейді, – деді Діни басқармасында.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын компания азаматтарға 10 күндік қажылыққа уәде берген. Алайда адамдар өздерінің алданғандарын біліп, полицияға арыз берген. Ұйымдастырушылар бір тәулік уақыт берілсе, бәрінің ақшасын қайтарып береміз деген. Фирманың иесі – Мейіржан Рыскелдиев деген 2001 жылғы жігіт екені айтылады.