Астанада еңгезердей ер адам 12 жасар қыз балаға және оның екі жасар сіңлісіне ерсі қылық көрсеткен, туралы ақпарат тарады bairaqmedia.kz.
Жергілікті ақпарат көздерінің хабарлауынша, 12 және 2 жастағы қыздарға бейтаныс ер адам тұрғын үй ауласында тиіспек болған. Оқиға олар дүкеннен үйлеріне қайтып келе жатқан кезде болған.
Болжам бойынша, ер адам мас күйде болған. Ол балаларға жақындап, оларға тиісе бастаған - 12 жастағы қыздың мойнынан сүйіп, денесіне қол жүгіртпек болған. Қыз қарсылық көрсеткен сәтте, ер адам оны жерге итеріп құлатқан. Абырой болғанда, қыздар дер кезінде қашып үлгеріп, кіреберіске жеткен.
Оқыс жағдайды Астана қалалық Полиция департаменті растап, агенттік тілшісіне ресми пікір берді.
«Аталған факті бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастады. Оқиғаға қатысты жан-жақты тексеру жүргізілуде. Іс аясында бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қажетті сот-сараптамалары тағайындалды.
Күдікті арнаулы қабылдау орнына қамалды. Оның әрекетіне қатысты нақты құқықтық баға тексеру нәтижелері бойынша беріледі», – делінген Полиция департаментінің хабарламасында.
Сол сәтте подъезд маңында жүрген тұрғындардың бірі күдіктіні ұстап алып, құқық қорғау органдары келгенге дейін оны бақылауда ұстаған. Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдікті қамауға алынып, уақытша ұстау изоляторына жеткізілді. Қазіргі таңда аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.