Елімізде қызылша жұқтыру дерегі жиілеген. Жаңа жыл басталғалы ел аумағында 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді, деп хабарлады bairaqmedia.kz порталы.
Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Сархат Бейсенованың айтуынша, көбіне екпе алмаған балалар ауырып жатыр.
"Жыл басынан бері 64 қызылша жұқтыру жағдайы тіркелді. Қызылша көбіне екпе алмаған балалар есебінен тіркелді. Бұл –сырқаттанған балалар санының 83%-дан астамы. Бүгінде жүргізіліп жатқан профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралардың арқасында елде көкжөтел бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтанды, яғни сырқаттану жағдайы 73%-ға төмендеу үрдісі байқалады. Жыл басталғалы көкжөтелдің 55 жағдайы тіркелді, - дейді комитет басшысы.