Мешіт пен компьютерлік клубта телефон ұрлаған

Редактор
15 нояб. 2024 г., 18:30
Мешіт пен компьютерлік клубта телефон ұрлаған

Алматыда мешіт пен компьютерлік клубта телефон ұрлаған күдікті ұсталды. Медеу ауданының полиция қызметкерлері алаяқтық жасады және бөтеннің мүлкін ұрлады деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады, - деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Полиция мәліметіне сәйкес, күдіктінің мешіттегі ұрлығы видеоға түсіп қалған, - деп жазады Kazinform агенттігі.

— Бірінші жағдайда ол компьютерлік клубқа келушіні алдап, оның ұялы телефонын тартып алған. Тағы бір жағдайда қалалық мешіттердің бірі қылмыстық іс-әрекет алаңына айналды. Еркін кіру мүмкіндігін пайдаланған қаскөй бөтен біреудің ұялы телефонын ұрлап, ізін суытқан. Оның бұл әрекеті камераға түсіп қалған. Жедел іс-шаралардың нәтижесінде күдікті ұсталды. Ол қамауға алынды, — деді Медеу аудандық ПБ қарасты полиция бөлімінің бастығы Елдос Бақбергенов.

ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.