Мемлекеттік сатып алу ма, қазынаны «жоспарлы тонау» ма?

Редактор
27.05.2025, 14:18
Мемлекеттік сатып алу ма, қазынаны «жоспарлы тонау» ма?
Антикор бес айда 29 млрд теңгеге жуық күмәнді сатып алу фактілерін анықтады

Мемлекеттік сатып алуларда бағаның қолдан өсіріліп, бюджетке орасан зиян келтіріп жатқаны тағы да дәлелденді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Антикор жүргізген мониторинг нәтижесінде 2025 жылдың алғашқы 5 айында 29 млрд теңгеге жуық күмәнді сатып алу фактілері анықталды. Оның 6,4 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды, ал қалғаны қайта есептеліп, бағалар төмендеді немесе көлем ұлғайды.

Баға көтеру, жасанды сұраныс пен сандарды ойдан шығару – жиі кездесетін тәсілдер.

Агенттік тексерісі басталған 2019 жылдан бері 224,7 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол берілмеді.

Сонымен қатар, Антикор бұзушылық белгілерін анықтаған барлық материалдарды мемлекеттік аудит органдарына жолдап, әкімшілік хаттама толтыруға ықпал етіп отыр. Бұл ретте оң үрдіс байқалады:
• 2024 жылы бар болғаны 22 заңбұзушылық тіркелсе,
• 2025 жылдың басынан бері 95 заңбұзушылық әшкереленген.