Мектептерде «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатқаны рас па? ІІМ мәлімдемесі

Редактор
7 февр. 2025 г., 18:59
Мектептерде «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатқаны рас па? ІІМ мәлімдемесі

WhatsApp желісінде мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таратылып жатыр. Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн, – делінген хабарламада.  

Сонымен қатар  ведомство өкілдері ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске салды.