$ 457.21
 534.62
 6.08

Мейрам күндері 21 мыңнан аса полицей ел тыныштығын күзетеді

Редактор
22.03.2025, 22:09
polisia.kz
polisia.kz
Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізіліп жатыр

Мереке күндері ел бойынша 21 мыңнан астам полицей мен ұландық қызмет етеді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Наурыз мейрамы мерекелік концерттермен және бұқаралық іс-шаралармен өткізіледі. Осыған байланысты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген.

Патрульдеу күшейтіліп, тәулік бойы бейнебақылау жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының арқасында қазақстандық азаматтар мерекелік атмосфераны алаңсыз сезіне алады.