Медициналық сақтандыру реформасы: МӘМС жүйесінде не өзгереді?

Редактор
26.06.2025, 18:00
Медициналық сақтандыру реформасы: МӘМС жүйесінде не өзгереді?
Сенат тиісті заңға түзетулерді мақұлдады

Сенат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру және медициналық қызмет көрсету мәселелері бойынша түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Бұл өзгерістердің мақсаты – медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қаржы айналымының ашықтығын күшейту және МӘМС жүйесінің тұрақтылығын нығайту.

Сондай-ақ халықты сақтандыру жүйесімен қамтуды кеңейту, медициналық қызмет көрсету саласында бақылау және жедел әрекет ету тетіктерін енгізу қарастырылған.

ЕНГІЗІЛГЕН БАСТЫ ӨЗГЕРТУЛЕР:

  • Жұмыссыздар мен әлеуметтік осал топтардың медициналық көмекке қолжетімділігі қамтамасыз етіледі (олар үшін жарнаны жергілікті әкімдіктер төлейді); 
  • МӘМС қаражатының қозғалысы мен пайдаланылуы туралы деректерді міндетті түрде жариялау енгізіледі;
  • Қызмет сапасыз көрсетілген жағдайда қаражатты қайтару тетігі көзделген;
  • Медициналық қызмет көрсету саласындағы заңбұзушылықтарға жедел ден қою және бақылау механизмі орнатылады;
  • Жасушалар, тіндер мен гемопоэтикалық дің жасушаларын трансплантациялау қызметі лицензияланатын болады;
  • Сирек (орфандық) аурулары бар науқастар дәрі-дәрмекпен тегін қамтамасыз етіледі – бұл шығындар МӘМС және басқа көздер есебінен жабылады;
  • I топтағы мүгедектігі бар, зейнет жасындағы адамдардың жұбайларына олардың жеке көмекшісі болу құқығы бекітіледі;
  • «Адам ағзасы», «адам жасушасы», «әлеуметтік мәні бар аурулар» ұғымдары нақтыланды.