Медбикелерге рецепт жазуға рұқсат берілуі мүмкін, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Елімізде медбикелерге кейбір дәрі-дәрмектерді тағайындауға рұқсат беру мәселесі қарастырылып жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі осыған байланысты заң жобасын әзірлеп жатыр. Мақсат – медициналық көмекті әсіресе ауыл-аймақтарда қолжетімді ету.
Жаңа ереже қабылданған жағдайда медбикелер қарапайым дәрілерге рецепт жазып, науқастарға жедел көмек көрсете алады.