Елорда мен республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша енгізілген түзетулер аясында Мәжіліс депутаттары жерді мақсатына сай пайдаланбау жағдайында оны қайтару тетігін қарастыратын толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Жаңа нормаларға сәйкес, егер мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесі жеке меншікке тиесілі болса, ол аукцион арқылы сатылуға тиіс. Осы ретте бұрынғы меншік иесіне тек жер учаскесін сатып алуға жұмсаған бастапқы қаржысы ғана өтеледі. Егер жер аукционда жоғары бағаға сатылса, қалған қаражат бюджетке аударылады. Бұл аукционға үлестес тұлғалардың қатысуын болдырмауға және бағалардың негізсіз өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.
Осылайша, жер телімдерін мақсатына сай пайдаланбаған меншік иелері жерді сатып алу мен сату арасындағы айырмашылықтан пайда таба алмайды.