Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицерге сот үкімі шықты

Редактор
24 янв. 2025 г., 22:36
Маңғыстауда сарбазды атып өлтірген офицерге сот үкімі шықты

«Батыс» аймақтық қолбасшылығы 25744 әскери бөлімінің зениттік-артиллериялық взводының бұрынғы командирі Дамир Досов 18 жастағы сарбаз Марат Баркұловты атып өлтіргені үшін 13 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Мамандандырылған ауданаралық әскери соттың қылмыстық істер жөніндегі судьясы Тамара Королевскаяның айтуынша, Дамир Досов ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 13 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Сонымен бірге сот Дамир Досовты «гвардия лейтенанты» әскери атағынан айырды.

Ал марқұмның анасы Әсия Берқұлованың 50 млн теңге көлемінде моральдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арызы ішінара қанағаттандырылып, оған 20 млн теңге көлемінде өтемақы төлеу белгіленді.