Маман тапшы: Алматылық жолшылар түлектерге мамандық таңдауға бағыт берді

Редактор
20.05.2025, 17:29
Маман тапшы: Алматылық жолшылар түлектерге мамандық таңдауға бағыт берді
Алматылық жолшылар мектеп бітіруші түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматылық жолшылар мектеп бітіруші түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесті деп хабарлайды bairaqmedia.kz

Алматы қаласында мектеп түлектерінің болашақ мамандығын таңдауға бағыт беру мақсатында кездесу өтті. Жол активтері сапасының ұлттық орталығы Алматы қалалық филиалының мамандары Алатау ауданындағы №160 мектепке барып, оқушылармен және  олардың ата-аналарымен жүздесті.

Мекеме қызметкерлері бұған дейін де түрлі оқу орындарында жолшы мамандығының маңыздылығы туралы ақпарат беріп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізіп келеді. Алайда, ата-аналармен кездесудің өз ерекшелігі бар. Өйткені, бала болашағы жайлы шешім қабылдауда ата-ананың рөлі ерекше екені түсінікті.

Мектеп бітіруші түлектің болашақ мамандығын таңдауы – үлкен жауапкершілік. Бұл шешімге ата-ананың пікірі мен қолдауы қатты әсер етеді. Сондықтан біз тек оқушылармен емес, ата-аналармен де жеке кездесіп, жол саласы туралы толық мәлімет беруді жөн көрдік, – дейді инженер Досжан Сұрапбергенов.

Бүгінде елімізде жол саласында маман тапшылығы бар. Бұл салада білім алып шыққан түлектер үшін жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары. Сонымен қатар, жолшы мамандығы – елдің инфрақұрылымдық дамуына тікелей үлес қосатын, сұранысы ешқашан төмендемейтін маңызды сала.

Кездесу барысында ата-аналар өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алып, мамандық таңдау мәселесіне басқаша қырынан қарауға мүмкіндік алды. Инженерлер жол сапасын бақылау, жобалау, құрылыс және техникалық қадағалау сияқты бағыттардың қазіргі таңда өте өзекті екенін атап өтті.

Осындай кәсіптік бағдар беру кездесулері алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Жол саласының мамандары өскелең ұрпаққа дұрыс бағыт-бағдар беріп, олардың кәсіби болашағына үлес қосуды мақсат етіп отыр.