«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлерге сот үкімі шықты

Редактор
21.05.2025, 14:49
«Магнум» және «Семейный» сауда желілерін бопсалаған блогерлерге сот үкімі шықты
Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылды

2025 жылдың 6 мамырында Петропавл қалалық сотының бопсаламен айналысқан блогерлерге қатысты үкімі заңды күшіне енді, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 
 
Ақпаратқа сәйкес, Петропавл қаласының екі тұрғыны Magnum және «Семейный» сауда желілерінен «рейд» деп аталатын бейнетүсірілімдерді және әлеуметтік желілерде жариялауды тоқтату үшін ақша бопсалады деп айыпталды.

Олар ұялы телефондарға сауда желілерінің дүкендеріне барғандарын жазып алып, жария етілген жағдайда меншік иелерінің мүдделеріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін ақпарат жинаған. Кейіннен жарияланымдар Instagram әлеуметтік желісінде және Youtube арнасында жүргізілген, – делінген іс материалдарында.

Сотталғандардың кiнәсi жәбiрленушiлердiң, куәлардың айғақтарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен және қылмыстық iстiң басқа да материалдарымен дәлелденді.
 
Айыптау үкiмi алқабилер алқасының қатысуымен шығарылып, екi адамға нақты мерзімі 7 жылға бас бостандығынан айыру түрiнде жаза тағайындалды.