$ 447.85
 513.46
 5.31

Мәреде бір секунд айырма: Қазақстан Азиадада тағы бір жүлде алды

Редактор
23.09.2026, 10:19
Сурет: AINAGOC
Сурет: AINAGOC
Алтын медаль Қытай өкілі Ян Люцзинге бұйырды

Жапонияның Аичи және Нагоя қалаларында өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты. Жеңіл атлетикадан ел намысын қорғаған Кристина Морозова күміс медаль иеленді, деп хаабрлады Вairaqmedia.kz.

Азиадада жеңіл атлетикадан жарыстар басталып, алғашқы жүлделер жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүрістен сарапқа салынды. Әйелдер арасындағы бәсекеде қазақстандық Кристина Морозова мәреге 1 сағат 35 минут 25 секундта жетіп, екінші орын алды.

Алтын медаль Қытай өкілі Ян Люцзинге бұйырды. Ол қашықтықты 1:33:40 уақытта жүріп өтті. Қола жүлдені тағы бір қытайлық спортшы Юньянь Цзян иеленді. Оның нәтижесі – 1:35:26. Морозова қытайлық қарсыласынан небәрі бір секунд бұрын мәреге жетті. Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі Эльмира Калимуллина 1:43:21 нәтижесімен жарысты алтыншы орында аяқтады.

Осылайша, Кристина Морозова Қазақстанға Азиада-2026 ойындарында жеңіл атлетикадан алғашқы жүлдені әкелді.