Лифтіде пышақталған бала ауруханадан шықты

Редактор
17 февр. 2025 г., 17:54
Лифтіде пышақталған бала ауруханадан шықты

Астанада лифтіде пышақталған бала ауруханадан шықты. Дәрігердің айтуынша, баланың жағдайы біршама жақсарған, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz. 

"Бүлдіршіннің жағдайы дұрысталып келе жатыр. Бүгін тігістер алынды. Баланың жағдайы қанағаттанарлық, бала белсенді. Тексерістен кейін бүлдіршінді шығару туралы ойлануға болады", – деді "№ 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасы" жақ-бет хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Юсуп Гусейнов.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастаған.