Астанада лифтте баланы пышақтаған жасөспірімнің анасына 78 640 теңге көлемінде айыппұл салынды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Баланың анасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабына (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және оған білім беру, оның құқықтарын немесе мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамау) сәйкес жауапқа тартылған.
Бұл бап бойынша айыппұлдың ең жоғары мөлшері 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 78 640 теңге. Жасөспірім әлі де тергеуде, тергеу жалғасып жатыр.