Қазақстандық блогер Ерболат Жанәбілов әйелі Эльмира Төлегеноваға ерекше сый жасады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Біздің сол бір студент кездерімізде өз ақшамыз болмаса да, үлкен армандарымыз бар еді. Сол уақытта бәрі ойдағыдай болса, үйлену тойын жасаймыз деп өзімізге уәде берген едік. Уақыт өткенмен мүмкіндігіміз болмады. Біз некемізді ғана қидық. Дегенмен, мен ерекше ұсыныс пен сақина тағатын әдемі сәтті күтіп жүрдім… Міне, 12 жылдан кейін, қол ұстасып өткен жол, 10 жылдық неке, үш бала — біз шешім қабылдадық! – деп жазды Эльмира Төлегенова.
Сондай-ақ, ол жақында той болатынын, оның бәрін жолдасы Ерболат Жанәбілов ұйымдастыратынын жеткізді.
Бұл куәгер болған оқырмандары түрлі пікір білдіріп, оларға бақыт тіледі.
«Соны түсініп, қадіріне жетіп отырған Ера, жарайсың! Көп еркек дымы жоқта үйленіп, әйелімен бірге қанша қиындықтан бірге өтіп, байып кеткен кезінде жас тоқалға жүгіреді», «Күйеуден жолы болған әйел», «Өмірдегі ақ боз ат мінген жалғыз ханзада» деп қолдау білдірсе, «Неге сонша ысырап еткен?!» деп сынағандар да болды.