Көкшетауда бопсалаушылар кәсіпкерден 6 млн теңге талап еткен

Редактор
18 февр. 2025 г., 20:15
Көкшетауда бопсалаушылар кәсіпкерден 6 млн теңге талап еткен

Көкшетауда бопсалаушылар кәсіпкерден 6 млн теңге талап еткен, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақмола облысының құқық қорғау органдарыКөкшетауда кәсіпкерді қорқытып, ірі көлемде ақша талап еткен екі бопсалаушыны ұстады.

Тергеу барысында күдіктілердің жергілікті кәсіпкерден 6 миллион теңге бопсалағаны анықталды. Олар заңсыз жолмен пайда табуды көздеп, жәбірленушіні психологиялық қысымға алған. Ақша қолдарына түспегенімен, олар жәбірленушіге тиесілі бірнеше телефон мен кеңсе техникасын иемденіп кеткен. Бұл заттар кейін тергеу барысында айғақ ретінде тәркіленді, – делінген полиция хабарламасында.

Полиция қызметкерлері аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын бастап, күдіктілерді қамауға алды.

Жедел уәкілдердің мәліметінше, олардың бірі бұрын да бірнеше рет сотталған. Тіпті, 2021 жылы дәл осындай қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылып, жазасын өтеп шыққан. Алайда түзелудің орнына қайтадан қылмысқа барды.

Қазір құқық қорғау органдары қажетті тергеу шараларын жүргізіп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.