Kcell, Tele2 және Beeline: операторлар халықтың қалтасын қағуға келіскен бе?

Редактор
17.03.2025, 18:52
Kcell, Tele2 және Beeline: операторлар халықтың қалтасын қағуға келіскен бе?
БҚДА өкілі кейінгі жылдарда тұтынушылардан шағым өте көп түсіп жатқанын айтты

KCell, Tele2, Beeline операторларының үстінен «сөз байласу» күдігімен тексеру жүріп жатыр. Бұл туралы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов айтты, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Қазақстандық нарықта 30-40 пайыз көлемінде үлесі бар үш ірі ұялы оператор бар. Олар: KCell, Tele2, Beeline. БҚДА өкілінің айтуынша, олардың үстінен кейінгі бірнеше жылда тұтынушылардан шағым өте көп түсіп жатыр.

Нарыққа талдау жасаған кезде тарифтер өсіп келе жатқанын көріп жүрміз. Кейінгі екі жылда байланыс операторларының бәрі тарифті өсірген. Қазір «сөз байласу» күдігі бойынша тексеру жүргізіп жатырмыз. Олардың бір уақытта тарифті айтарлықтай өсіргенін байқадық. Монополияға қарсы салада мұны «сөз байласу» деп атайды, – деді агенттік төрағасының орынбасары Болат Сәмбетов.

Сондай-ақ, ол аталған тексеру жыл аяғына дейін бітетінін атап өтті.

Қазір бұл тексерулердің аясында сот процестері жүріп жатыр. Тексеру жыл аяғына дейін аяқталу керек. Сот біздің талаптарымызды орынды деп тапса, абоненттерден алынған заңсыз сома операторлардан айыппұл ретінде бюджетке қайтарылады, – БҚДА тқрағасының орынбасары.