Германиядан аса ірі көлемде алаяқтық жасаған күдікті экстрадицияланды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, күдікті 2023 жылдың қаңтарында екі сыбайласымен бірге жалған компаниялар құрып, қазақстандық жұмсақ бидайдың ірі партиясын жеткізіп беремін деп кәсіпкерді алдап, жалпы көлемі 100 млн теңгеден астам қаражатын иемденген.
Қылмыстық қудалау органдары күдіктілердің бірін ізін суытпай ұстады, ал қалған екеуі жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.
2024 жылдың қазанында іздеуде жүргендердің бірі Германияның Нюрнберг қаласында ұсталып, одан кейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрауы бойынша еліне экстрадицияланды. Қазір ол тергеу изоляторына қамалды, – делінген хабарламада.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін мүлкін тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.