Кәсіпкер Александр Машкевич қайтыс болды

Редактор
22.03.2025, 22:18
Кәсіпкер Александр Машкевич қайтыс болды
Бизнесмен 5 жыл бойы ауыр науқаспен ауырған

Кәсіпкер Александр Машкевич ұзаққа созылған аурудан кейін қайтыс болды, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz Eurasian Resources Group (ERG) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2025 жылы наурыздың 22-і күні танымал кәсіпкер әрі қоғам қайраткері, Eurasian Resources Group (ERG) негізін қалаушылардың бірі – Aлександр Антонович Машкевич 72 жасында дүниеден озғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол 2014-2024 жылдар аралығында Eurasian Resources Group Директорлары кеңесіне төрағалық етен. Сондай-ақ, Александр Машкевич ұзақ жылдар бойы «Еуразиялық банк» АҚ Директорлары кеңесінің төрағасы болды. ERG-дің мыңдаған еңбек ұжымы Aлександр Антонович Машкевичтің қазасына байланысты оның отбасына қайғыра көңіл айтады, – делінген хабарламада.

Айта кетсек, Александр Машкевич бес жыл бойы ми ісігімен күресіп келген, бұл дерт уақыт өте келе ең агрессивті түрлерінің бірі — глиобластомаға айналды.