Күні кеше қызының тойында бой көрсетпеген танымал актер әрі продюсер Сәбит Әбдіхалықов әлеуметтік желіде жазба жариялады, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.
Өнер иесі 53 жасқа толуына орай өмірлік ұстанымы жайлы сөз етіп, уақыт өткен сайын адамның өмірге деген көзқарасы өзгеретінін айтып ақтарылды.
«Алланың қалауымен бүгін елу үш жасқа толдым. Жас ұлғайған сайын уақыттың қалай өткенін емес, өмірдің нені үйреткенін көбірек ойлайсың екен. Кеше ғана армандап жүрген күндер бүгінде естелікке айналыпты. Қуаныш та көрдік, қиындық та көрдік. Бірі қанаттандырды, бірі шыңдады. Сенім артқан адамдар да болды, сенімді ақтамағандар да кездесті. Бірақ уақыт өте келе бәріне ренжімейсің, бәріне ризашылықпен қарай бастайды екенсің. Өйткені адамның мінезін де, өмірдің мәнін де сынақ ашады», – деп жазды актер.
Сондай-ақ актер өткен өміріне өкінішпен емес, шүкіршілікпен қарайтынын айтып, осы уақытқа дейін өзіне қолдау көрсеткен барша жанға алғысын білдірді.
Айта кетейік, актердің бұрынғы жұбайы Алтынай Жорабаева қыздарының әкесі неліктен тойға келмегенін айтып берген еді.