$ 487.73
 558.99
 6.63

Қызылордада өткен әкелер форумында көпбалалы әкеге 3 бөлмелі пәтер табысталды

Редактор
19.06.2026, 15:33
Қызылорда облысы әкімдігі
Қызылорда облысы әкімдігі
Жандос Құдайбергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке

Қызылорда қаласында облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың қатысуымен «Әке тәрбиесі – ұлттың рухани діңгегі» атты облыстық әкелер форумы өтті. Іс-шара барысында «Қызылорда» супермаркетінің қызметкері Жандос Құдайбергенұлы Камаловқа үш бөлмелі пәтердің кілті табысталды, депхабарлайды bairaqmedia.kz.

Жандос Құдайбергенұлы – мүмкіндігі шектеулі жұбайына және екі баласына қамқор болып отырған ардақты әке. Форум аясында оған жаңа баспананың кілті табысталып, отбасы қуанышқа кенелді.

Биыл төртінші рет ұйымдастырылған форумға «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Күзембай, мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, аудандардан келген белсенді азаматтар мен түрлі салада табысқа жеткен әкелер қатысты.

Жиында облыс әкімі Мұрат Ергешбаев отбасы институтын нығайту мен әкенің қоғамдағы рөлін арттырудың маңызын атап өтті.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев әке жауапкершілігі отбасының беріктігі мен ұрпақ тәрбиесінің негізі екенін ерекше атап өткен болатын. Баланың болашағына әсер ететін ең қуатты күш – отбасындағы тәрбие мен әкенің өнегесі. Сондықтан ұлттық құндылықтарды дәріптеу әр отбасынан басталуы тиіс, – деді өңір басшысы.

Форум барысында отбасы құндылықтарын насихаттап, ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген бірқатар әкелер облыс әкімінің Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сондай-ақ іс-шарада «Әкелер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары Бекдайыр Нығметұлы, ішкі істер органдарының ардагері Әмірбек Бердібекұлы, жас ақын Ақжол Ғабитұлы, өнегелі әке Дәулет Амангелдіұлы және «Бақытты әйел» жобасының спикері Нұрсәуле Дүйсембайқызы баяндама жасап, әке тәрбиесінің маңызы туралы ой бөлісті.

Ал «Қазақстан дауысы – 2023» жобасының финалисі Нұрислам Тілеухан ән шырқап, қоғамдық бірлестік атынан смарт-теледидар сыйлығына ие болды.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау