Ұлы Отан соғысының ардагері, Қызылорда облысының Құрметті ардагері, Сырдария ауданының Құрметті азаматы Яхия Тасыровқа ерекше құрмет көрсетілді.
Қарт майдангердің үйінің алдында әскери қызметкерлер саптық жүріспен өтіп, ардагерге тағзым жасады. Салтанатты шара барысында майдангердің ел үшін еткен ерлігі мен жанқиярлық еңбегі кейінгі ұрпаққа үлгі ретінде насихатталды.
Яхия Тасыровтың өмір жолы – отансүйгіштік пен адалдықтың жарқын үлгісі. Ел басына күн туған шақта Отан қорғауға аттанған ардагердің ерлігі мен еңбегі кейінгі буын үшін өнеге болып қала бермек.
Шараға қатысушылар майдангерге ізгі тілектерін білдіріп, бейбіт өмір жолындағы ерен еңбегі үшін алғыс айтты.
Айта кетейік, Жеңіс күні қарсаңында өңірлерде соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетуге арналған тағылымды іс-шаралар ұйымдастырылып келеді.