$ 487.02
 552.23
 6.51

«Қол-аяғын байлап, қамап ұстаған»: Атырау облысында 90 жастағы қария туған ұлынан қорлық көргенін айтты

Редактор
25.06.2026, 12:06
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Атырау облыстық полиция департаметі ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 90 жастағы қартқа өз баласы ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық көрсетіп келген, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, туған ұлы қарт әкесін үйдің бір бөлмесіне қамап, оның еркін шығуына шектеу қойған. Сондай-ақ ол әкесіне тамақ пен су бермей, қол-аяғын байлап тастаған. Қарт адам мүмкіндік туған сәтте үйден қашып кеткен. Кейін ол жақын туысының үйіне барып, болған жайтты баяндаған.

Атырау облыстық полиция департаметі ұрып-соғу бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп мәлімдеді департаменттің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау