Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтты.
— Біздің қуатты әрі өсіп-өркендеу жолына түскен Қазақстанға деген құрметіміз ерекше. Елдеріңіздің экономикасы қарқынды дамып жатыр. Халық жаппай қолдаған тиімді саяси жүйе қалыптасты. Күні кеше Қазақстанда заман талабына сай келетін, елдің келешегін айқындайтын жаңа Конституция қабылданды. Республика азаматтарының басым көпшілігі осы құжатты қолдап дауыс берді. Сол арқылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік институттарды нығайту, елді жан-жақты жаңғырту және әлеуметтік-экономикалық, рухани тұрғыдан дамыту жолындағы бастамаларын қолдайтынын көрсетті. Осы ауқымды реформаның бәрі табысты жүзеге асырылып, мемлекетті күшейтуге және халықтың әл-ауқатын арттыруға ықпал етеді деп сенемін, — деді Путин.
Владимир Путин екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделі екенін айтты.
— Біз Қасым-Жомарт Кемелұлымен шынайы әрі достық қарым-қатынас орнаттық. Кездесулеріміз бен сұхбаттарымыз әрдайым бүкпесіз, нәтижелі өтеді. Біз екі елдің барлық саладағы өзара тиімді байланыстарын бекемдей түсуге мүдделіміз, — деді ол.