$ 476.07
 541.86
 6.08

Қазақстандық спортшы Дуйсбургте өткен әлем чемпионатында қола еншіледі

Редактор
27.07.2026, 11:08
Ашық дереккөз
Ашық дереккөз
Чемпионат академиялық ескек есуден өтті.

Германияның Дуйсбург қаласында өтіп жатқан академиялық ескек есуден жастар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Артем Матусевич жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлады Вairaqmedia.kz. 

Отандасымыз ерлер арасындағы жеңіл салмақтың жекелей сынында 07:01.56 уақытта мәреге үшінші болып жетіп, қола медаль жеңіп алды.

Алтын жүлдені португалиялық Жоау Велозу (06:59.96) иеленсе, күміс медаль Грекия өкілі Ангелос Каудиске (07:00.62) бұйырды.