$ 462.91
 542.16
 6.16

Қазақстандағы этностар статистикасы жарияланды

Редактор
30.04.2026, 16:10
Фото: Әдебиет порталы
Фото: Әдебиет порталы
Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн. 

Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының қарсаңында елде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің санын жарияляды, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрап отыр.

Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:
1. Қазақтар – 14 664 202
2. Орыстар – 2 943 022
3. Өзбектер – 695 557
4. Украиндар – 367 547
5. Ұйғырлар – 309 164
6. Немістер – 222 890
7. Татарлар – 218 361
8. Әзербайжандар – 157 568
9. Кәрістер – 120 821
10. Түріктер – 93 234
11. Дүнгендер – 88 165
12. Беларустар – 73 788
13. Тәжіктер – 61 307
14. Күрділер – 52 077
15. Қырғыздар – 41 459

Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың.

Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.