$ 488.37
 559.77
 6.64

Қазақстанда егіздер мен үшемдер жиі дүниеге келетін өңірлер аталды

Редактор
22.06.2026, 13:19
Фото: istockphoto
Фото: istockphoto
Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында. 

Қазақстанда төрт айда екі мыңға жуық егіз бен 54 үшем дүниеге келген. Олардың дені Түркістан облысында туған, деп хабарлайды bairaqmedia.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бюроның мәліметінше, 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында 1926 егіз бен 54 үшем өмірге келген. Бұл кезеңде дүниеге келген төртем тіркелмеген. Егіздер саны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр – 263 егіз. Одан кейін Алматы қаласы (245 егіз) және Алматы облысы (175 егіз). Үшемдер саны бойынша Түркістан облысы, Атырау облысы және Шымкент қаласы алда – әр өңірде үш үшемнен дүниеге келген. 2026 жылғы қаңтар-сәуір айларында дүниеге келген балалардың жалпы саны 99,4 мыңға жеткен.

Туу көрсеткішінің ең жоғары деңгейі Түркістан облысында (1000 тұрғынға шаққанда 19,75), Шымкент қаласында (19,39) және Маңғыстау облысында (19,28) тіркелді.

Соңғы жаңалықтар

Барлығын қарау