$ 471.98
 543.39
 5.82

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова сүйінші жаңалығын бөлісті

Редактор
05.08.2026, 16:40
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Фото: instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Кадрдан әншінің жарына ерекше ілтипат пен қамқорлық танытқаны байқалады

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жұбайы, әнші Қайрат Нұртастың жуырда бірнеше қалада шығармашылық кеш өткізуді жоспарлап отырғанын айтты. Оның сөзінше, ерлі-зайыптылар алдағы концерттерге дайындықты бастап кеткен, деп хабарлады Вairaqmedia.kz.

Өнер иесі әлеуметтік желідегі парақшасында Қайрат Нұртаспен бейнеқоңырау арқылы сөйлесіп тұрған сәттен видео жариялады. Кадрдан әншінің жарына ерекше ілтипат пен қамқорлық танытқаны байқалады.

Жұлдыз Әбдікәрімова олардың бір-бірінің шығармашылығын үнемі қолдап, әрқайсысы өз саласында бірге дамуға ұмтылатынын айтты.

«Қолымыздан келгенше бірге дамып, әрқайсымыз өз саламызда шығармашылығымызды үнемі жетілдіруге тырысамыз. Бір-бірімізге әрдайым қолдау көрсетіп, сүйеніш боламыз деп уәде бергенбіз. Ал сіздерге тек сабыр тілеймін!» – деп жазды актриса.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде Жұлдыз Әбдікәрімованың актер Азамат Сатыбалдымен бірге лифтіде түскен фотосы қызу талқыланған болатын. Бұл жолы актриса көпшілікке дәл сол жерде, бірақ жұбайы Қайрат Нұртаспен бірге түсірілген видеоны ұсынды.