$ 470.8
 545.99
 6.6

«Қадірлі бауырым»: Тоқаев Ердоғанмен кездесуінен фото жариялады

Редактор
14.05.2026, 10:42
Фото: Ақорда
Фото: Ақорда
Елімізге мемлекеттік сапармен Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған келді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желідегі парақшасында Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен бірге түскен фотосын жариялады, деп хабарлайды bairaqmedia.kz.

"Қадірлі бауырым Режеп Тайип Ердоғанмен резиденциямдағы емен-жарқын әңгімелесу сәтінен", - делінген фото сипаттамасында.

Айта кетейік, бұған дейін хабарлағандай, 15 мамырда Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады.

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады.