Жыл басынан бері вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді, деп хабарлайды bairaqmedia.kz
Қаржылық мониторинг агенттігі электрондық темекі құрылғыларының заңсыз айналымымен күрес бойынша мақсатты жұмыс жүргізіп келеді.
Агенттіктің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері вейптердің заңсыз айналымына қатысты 32 дерек тіркелді.
Заңсыз қызмет Telegram, WhatsApp мессенджерлері және курьерлік қызметтер арқылы жүзеге асырылған. Түскен табыстар «дроптар» арқылы қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Аталған өнімдердің негізгі тұтынушылары – жастар мен кәмелетке толмаған оқушылар екенін атап өткен жөн.