Жыл басынан бері іздеуде жүрген 264 шетелдік ұсталды

Редактор
15.05.2025, 14:26
Жыл басынан бері іздеуде жүрген 264 шетелдік ұсталды
Елден тыс жерлерде ҚР ІІМ сұрауы бойынша 57 қылмыскер ұсталды

2025 жылдың төрт айында аумақтық полиция департаменттерінің жедел уәкілдері ҚР ІІМ криминалдық полиция департаментінің үйлестіруімен шет мемлекеттердің ІІМ желісі бойынша түрлі қылмыстар үшін мемлекетаралық және халықаралық іздеуде жүрген 264 адамды ұстады, деп хабарлайды Bairaqmedia.kz.

Ақпаратқа сәйкес, Жамбыл облысында Өзбекстан Республикасының 48 жастағы азаматы ұсталды. Ол ақпанда Ташкент облысында отбасылық жанжал кезінде жұбайын соққыға жығып, оның өліміне әкелген дене жарақаттарын келтірген.

Адам өлтірді деген күдікпен 2003 жылдан бері іздеуде жүрген 71 жастағы ер адам Түркістан облысында ұсталып, қамауға алынды.

Алматыда мемлекетаралық іздеуде жүрген өзбекстандық азамат ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 2012 жылы ол Шыршық қаласында өзімен бірге тұратын әйелді аяусыз ұрып-соғып, тұншықтырып өлтірген.

Жамбыл облысында Қырғызстан азаматы ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ер адам 2022 жылы Ресей Федерациясының Липецк қаласында өзінің танысын пышақтап өлтірген.

Елден тыс жерлерде Қазақстан Республикасы ІІМ сұрауы бойынша 57 қылмыскер ұсталды.